Қазақстанда бубон обасы таралуы мүмкін бе
Қазақстанда бубон обасының таралу қаупі туралы сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ажар Ғинияттың айтуынша, оба өкпе формасына өтіп кетпесе бубон обасы адамнан адамға жұқпайды. Қазақстанда обаның табиғи ошақтары бар.
"Бүкіл елдегі обаға қарсы санитарлық қызметтер санитарлық алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бақылауында ұстап отыр. Ал Моңғолиядан бубон обасын қазақстандықтардың жұқтыру ықтималдығы төмен", - дейді денсаулық сақтау вице-министрі.
Оның сөзіне сенсек, Моңғолиядан обаның өкпе формасын жұқтырған немесе оның ауыр формасымен ауырған адам біздің елге келмеуі керек.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”