Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда босқындардың саны артады – Саясаттанушы

Тарихшы және саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков болашақта елімізде босқындардың саны көбейетінін болжады. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы халық саны көп болғандықтан, келушілер де артады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

босқындар

Ол SöZ Astana Public Talk алаңында пікірімен бөлісті.

"Трансформация кезеңіндегі Қазақстан" тақырыбындағы пікірталаста Әкімбеков Қазақстанның алдында тұрған сын-қатерлерді бағалады.

"Бізде қатал саясат ұстанатын Қытай бар. Ресей де осы бағытта келе жатыр. Либералды топтар бұл жақын арада аяқталатынына үміттенеді. Бірақ менің ойымша, олай болмайды. Сондай-ақ реформалар жасауға тырысып баққан Өзбекстан бар", – деді ғалым.

Саясаттанушы жаппай қоныстану басталғанын атап өтті.

"Пәкістанда 220 миллион адам тұрады, ал 1949 жылы 20 миллион адам тұрды. Орталық Азияда 77 миллион адам тұрады, бұған Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан кіреді. 1913 жылы бұл территорияда 8 миллион адам өмір сүрді, яғни халық саны 100 жылда 10 есе өскен. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, соның ішінде судың жетіспеушілігі мәселелері туындауы мүмкін”, – дейді сарапшы

Әкімбековтың айтуынша, мұндай жағдайда мемлекет бюрокралды болса да, мықтылығын сақтап қалуы тиіс.

“Жаһандық жылыну, адам санының көбеюі, ресурстың азаюы босқындардың артуына әсер етеді. Бұған Қазақстан дайын болғаны жөн”, – деді ол.

Талқылау