Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда борышкерлерге демалыс күндері қоңырау шалған коллекторлар жауапқа тартылады

Мәжілісте өткен пресс-брифингте журналистер қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова егер коллекторлар борышкерлерді демалыс күндері, түнде немесе күніне бірнеше рет мазаласа, олар жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rg.ru / Сергей Михеев

Мадина Әбілқасымова коллекторлық агенттіктердің қызметі заңмен реттелетінін айтты.

"Коллекторлық агенттіктерге демалыс күндері қоңырау шалу құқығы берілмейді. Бұл тыйым салынған. Екіншіден, жұмыс күндері оларға борышкерге тек күніне үш рет қоңырау шалуға рұқсат етіледі. Одан кейін аудио және видеофиксация жүргізу қажет. Егер сізге демалыс күндері қоңырау шалса және сізді мазаласа, колл-орталыққа хабарласып, шағым түсіргеніңіз жөн. Тексеру жүргізіледі, одан кейін біз бұл коллекторлық агенттікке қатысты нақты шаралар қабылдаймыз", – деді Мадина Әбілқасымова.

Ол заң бойынша коллекторлық агенттіктерге, ең әуелі, айыппұл салынатынын және егер тағы да қайталанса, олардың қызметі толық тоқтатылатынын атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін қазақстандық банктер мен микроқаржы ұйымдары енді борышкерлерге үш реттен артық хабарласа алмайтынын жаздық. Жоспарланып отырған түзетулер мерзімі өткен несие берешегі туралы ескертіп отыратын банк қызметкерлерінің қарыз алушыға қоңырау шалу тәртібін реттейді. Қаулы жобасына сәйкес қарыз алушыларға қоңырау шалу шектеледі: Жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, үш реттен көп емес. Демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін, екі реттен көп емес.

Талқылау