Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда болу талаптарын бұзған ресейліктерге қандай жаза қолданылады

Қазақстанда болу талаптарын бұзған ресейліктерге қандай жаза қолданылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстанда 90 күн жүре алады. Бұл мерзім аяқталған соң жұмысқа, оқуға, емделуге, бизнес-иммигранттарға және отбасын біріктіру немесе уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу қажет.

Алғашқы үш тәулік ішінде елде болу мерзімін бұзғаны үшін жай ғана ескерту жасалады, 3-5 тәулікке дейін – 10 АЕК айыппұл салынады, бұл 31 мың 800 теңге, 5-10 тәулікке дейін – 15 АЕК (47 мың 700 теңге) мөлшерінде айыппұл бар.

Егер шетел азаматы Қазақстанда 10 тәуліктен артық заңсыз болса, оған 25 АЕК (79 мың 500 теңге) айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылады.

"Әкімшілік жаза қолданылған соң бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік тәсілмен шығарылады", - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Заңсыз қызмет атқарғаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу немесе елден әкімшілік тәсілмен шығару көзделген.

Талқылау