Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар азық-түлік пен тауарға ең төменгі баға бекітілді

Фото: freepik.com

Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған бірқатар өнімдер мен тауарлардың ең төменгі бағасы белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік кірістер комитеті, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталатын кейбір тауарларға қолданылатын ең төменгі баға деңгейін жариялады. Бұл бағалар 2026 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін күшінде болады.

Қазақстанда өндірілетін өнімдердің ең төменгі бағасы:

  • сүзбе (майлылығы 40%-ға дейін) – 1 822 тг/келісі
  • балқытылған ірімшік – 2 985 тг/келісі
  • тауық жұмыртқасы – 41 тг/дана
  • картоп – 90 тг/келісі
  • ақ қауданды қырыққабат – 72 тг/келісі
  • сәбіз – 106 тг/келісі
  • алма – 175–177 тг/келісі
  • қатты бидай – 83 тг/келісі
  • бидай – 75 тг/келісі
  • бидай ұны – 175 тг/келісі
  • күнбағыс дәні – 201 тг/келісі
  • күнбағыс майы – 451 тг/келісі
  • өсімдік майының қоспасы – 580 тг/литр
  • шұжық өнімдері – 1 521–2 063 тг/келісі
  • макарон өнімдері – 248 тг/келісі
  • құрғақ наубайхана ашытқысы – 1 650 тг/келісі
  • коньяк – 3 101 тг/литр
  • арақ – 1 268 тг/литр
  • минералды тыңайтқыштар – 205–222 тг/келісі
  • антифриз – 322 тг/литр
  • минералды мақта – 203 тг/келісі


Қазақстанда өндірілмейтін кейбір импорттық өнімдердің ең төменгі бағасы:

  • саңырауқұлақ – 754 тг/келісі
  • банан – 403 тг/келісі
  • апельсин – 277 тг/келісі
  • мандарин – 269 тг/келісі
  • құрма – 208 тг/келісі
  • мұздатылған көкжидек – 1 432 тг/келісі

Бұл бағалар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) елдерінен импортталатын тауарлар үшін ең төменгі шекті деңгей ретінде белгіленген.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 16:24