Қазақстанда бірқатар апаттардан кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салу ұсынылды

Фото: Auto.ru
Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар қайғылы жол апаттарынан кейін оң жақ рөлді Toyota Alphard микроавтобустарының қауіпсіздігі талқыға түсті. Депутат Ерлан Сайыров аталмыш көліктерге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мұндай жол-көлік оқиғалары жеке көліктердің ғана емес, заңсыз тасымалдау және қауіпсіздікті сақтамау салдары екеніне тоқталды. Ол Alphard-қа толық тыйым салып, осы көлікпен адам тасымалдайтындардың барлығын жауапкершілікке тартуды ұсынды.
"Осындай маркалы көліктерден болған жол апатынан өлім-жітім көрсеткіші шамадан тыс артып тұр. Өздеріңіз білетіндей, шілде айында екі күн ішінде Жамбыл және Алматы облыстарында Alphard көлігінің қатысуымен екі ірі жол-көлік оқиғасы болды", – деді мәжіліс депутаты.
Автокөлік сарапшысы Алексей Алексеев заңсыз тасымалдаушылар Alphard-ды жолаушыларды көбірек алып кету үшін таңдайтынын айтады. Сондай-ақ ол кең, әрі тексерістер мен бақылау аз болғасын адамдар немқұрайлылық танытады дейді.
Маман мәселе көлік үлгісінде емес, адамдарда екенін айтады. Қауіпсіздік белдіктері мен заманауи қауіпсіздік жүйелері жоқ ескі көліктер де заңды меншік болып қала береді дейді.
Алексевтің айтуынша жол апатын азайту үшін кешенді стратегия қажет:
- Жүргізушілерді және олардың көлік құралдарын тасымалдауға рұқсаттарын үнемі бақылау;
- Алты ай сайын көлік құралдарын міндетті түрде тексеру;
- Тексерулердегі сыбайлас жемқорлықпен күресу;
- Қауіпсіз жолдар салу.
Мұндай шараларсыз кез келген тыйымдар жай ғана формальдылық болып қала береді. Ал өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар азаймайтынын айтады.
Aphard көлігімен болған жол апаттары
Қазақстанда соңғы аптаның өзінде осы көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан он адам қаза тапты. 30 қыркүйекте Алматы-Бішкек тас жолында Alphard көлігі басқа көлікпен соқтығысып, сегіз адам қаза тапты.
3 қазанда осындай көлік Павлодар маңында жылқыға соғылып, аударылып қалды, тағы екеуі қаза тапты.
Айта кетейік, Toyota Alphard көліктерінің көпшілігі оң рөлді, ал оң рөлді көліктерге 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап такси ретінде қызмет көрсетуге ресми түрде тыйым салынды. Осыған қарамастан жүргізушілер оларды жеке көліктер үшін пайдалануды жалғастырып жатыр.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді