Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір жыл ішінде темекінің бағасы қаншаға өсті

Қазақстанда бір жылда темекі 12%-ға, бір қорапқа орташа есеппен 484 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Energyprom.kz мониторинг агенттігінің хабарлауынша, темекі өнімдерінің өндірісі 5,5%-ға өсті.

"Осы жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 7,2 миллиард темекі, сигар, папирос және басқа да темекі өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,5% - ға көп. Ақшалай түрде темекі өнімдері 84,7 миллиард теңге (202 миллион доллар) сомасына шығарылды", - делінген агенттіктің зерттеуінде.

2020 жылғы шілдеде бөлшек сауда нүктелеріндегі темекі бағасы бір қорап үшін 483,5 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 11,7%-ға артық.

Ақтөбе тұрғындары үшін бір қорап темекі ең көп қымбаттады: 525 теңге (бағасы 16,9% - ға өсті). Ең арзан темекі Алматыда сатылады - бір қорап үшін 458 теңге. Мегаполисте бір жыл ішінде бағаның өсуі 4,1%-ды құрады.

Айта кетейік, отандық компаниялар осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша темекі мен папиростарға деген сұранысты 74,3%-ға қамтамасыз етті, өткен жылдың осы кезеңінде 32,6% болған.

Импорт үлесіне 25,7% тиесілі. Импорт көлемі бір жылда 5,4 есеге қысқарды. Экспорттың үлесіне ресурстардың 15,1%-ы немесе 1,1 миллиард темекі және басқа да темекі өнімдері тиді, бұл былтырға қарағанда 36,8%-ға аз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 09:40
Талқылау