Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам көз жұмды

2020 жылғы 17 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 18606, 218 өлім жағдайы тіркелді. 

Бір күнде 2 адам пневмониядан, 18 адам коронавирустан қайтыс болды, ауру құрбандарының жалпы саны сәйкесінше 218 (1 тамыздан) және 1415 (пандемия басталғаннан) дейін өсті.

Еске салайық, Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин жеңілдетілді. Сауда орындары, сұлулық салоны, бизнес орталықтары бүгіннен бастап жұмысын бастады. 

Елімізде өткен тәулікте тағы 337 адам коронавирус жұқтырып, 1219 адам аурудан айықты.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 08:33
Талқылау