Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 781 адам пневмониямен ауырып, 7 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі 26 тамыздағы коронавирустық пневмония бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 351 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 23 543, 268 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4 901 жетті.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясынан тағы да 10 адам көз жұмды. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда  4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.  
Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.   

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 09:00
Талқылау