Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күнде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1,5 есе артты

Қазақстанда өткен тәулікте 392 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 27
Алматы қаласы - 18
Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 20
Ақтөбе облысы - 12
Алматы облысы - 19
Атырау облысы - 12
Шығыс Қазақстан облысы - 205
Жамбыл облысы - 3
Батыс Қазақстан облысы - 8
Қарағанды облысы - 10
Қостанай облысы - 8
Қызылорда облысы - 3
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 23
Солтүстік Қазақстан облысы - 17
Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 111492.

Министрліктің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 195 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 28 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап ауырғандар - 37574, 399 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28687 жетті.

Айта кетейік, аптаның алғашқы күні - 26 қазан мен бүгінгі күнді салыстырса, науқастардың саны екі есе артқаны байқалады. Мәселен, кеше ғана 268 науқас тіркелсе, бүгін тағы 400-ге жуық адамның ауру жұқтырғаны анықталып отыр. 

Талқылау