Қазақстанда бір аптаның ішінде 265 адам коронавирустан көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі республикада бір апта ішінде Covid-19-дан қайтыс болғандардың санын жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, 27 шілде мен 2 тамыз аралығында елде 265 адам қайтыс болды деп жазады.
Ақмола облысында сегіз адам қайтыс болды. Алматы облысында 12 адам қайтыс болды. Атырау облысында жеті науқас қайтыс болды. БҚО-да 14 адам қайтыс болды. Шығыс Қазақстан облысында 38 адам қайтыс болды. Ақтөбе облысында тоғыз адам қайтыс болды.
Жамбыл облысында тағы 15 адам қайтыс болды. Қарағанды облысында 49 адам қайтыс болды. Қостанай облысында бесеуі қайтыс болды. 1958 жылы туған бір науқас Қызылорда облысында, жетеуі Маңғыстауда қайтыс болды. Павлодар облысында CVI-дан бес қайтыс болу оқиғасы тіркелді. Тағы 29 адам Нұр-Сұлтанда қайтыс болды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”