Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір аптада пәтер жалдау құны төмендеді

20-27 қазан аралығында Қазақстанның 12 қаласында пәтер жалдау бағасы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz аналитикалық қызметіне сілтеме жасап.

пәтер жалдау

Бір аптада Ақтөбеде пәтерді жалдау айтарлықтай арзандады. Пәтерлер бағасы 8,5%-ға төмендеген. Ал Алматыда 4,76%-ға, Астанада 4,8%-ға және Оралда 7,2%-ға арзандай түсті.

Шымкент және Өскеменде баға өзгерген жоқ, Таразда 2,4%-ға пәтер жалдау құны өскен.

Бұл жолы бағалардың төмендеу динамикасы алдыңғы аптаға қарағанда нәтижелі. 

Алматыдағы жалдау бағасы салыстырмалы түрде төмендесе де, пәтер жалдау бағасы бәрінен жоғары. Мұнда 1 бөлмелі пәтерді жалдау бағасы орташа есеппен 270 мың, 2 бөлмелі пәтер 450 мыңға тең. Қымбатшылықтан екінші орында тұрған – Астана қаласы. Мұнда бір бөлмелі пәтерді 200 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 300 мыңға жалдауға болады.

Ақтөбе және Орал қалаларында бір бөлмелі пәтерді жалдауға 150 мың, екі бөлмелі пәтерге 180-195 мың теңге керек. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласында, мұнда бір бөлмелі пәтерді 100 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 160 мыңға жалдай аласыз.

Сонымен қатар, қыркүйектің басымен салыстырғанда ҚР-да жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26% - ға өсті.

Ресейліктердің келуіне байланысты жалдау нарығында туындаған дүрбелең азая бастады. Алайда қыркүйек айының басымен салыстырғанда жалдамалы тұрғын үй бағасы әлі де жоғары.
Жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26%-ға өскен.

Талқылау