Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 21 адам көз жұмды

28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Қазақстанда коронавирустан 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

коронавирус

Батыс Қазақстан облысында - 1957 жылы туған адам.

Шығыс Қазақстан облысында - 13 адам. 1952, 1969, 1946, 1968, 1985, 1978, 1944 жылы туған ер адамдар. 1986, 1956, 1969, 1947, 1962, 1948 жылы туған әйелдер.

Қостанай облысында - 1992 жылы туған әйел.

Қарағанды облысында- 1983 жылы туған ер адам, 1946 жылы туған әйел адам.

Нұр-Сұлтанда - 1974 жылы туған әйел.

Шымкентте - 1949 және 1963 жылдары туған екі ер адам, сондай-ақ 1938 жылы туған әйел адам бар.

Жалпы Қазақстанда індет кезінде коронавирустан 1746 адам көз жұмды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қазан, 2020 18:39
Талқылау