"Қазақстанда білімді жастарды қолдайды деген қайда": "Болашақпен" оқып келген маман жұмысқа кіре алмай жүр

Алматы мен Алматы облысында бірнеше мектеп Ұлыбританияда "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген маманды жұмысқа алмай отыр. Математика пәнінің мұғалімі тіпті шетелге кетпес бұрын үшжақты келісімшартқа отырған Алматыдағы №178 мектеп-лицейі де жұмыстан шығарып жібергенінін білмедім дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп. 

ұстаз

Жұмысқа қабылдау үшін берген есептің бәрін шығарып берсем де, белгісіз себептермен жұмысқа алмайды деп налиды ұстаз. 

"Қазақстанда білімді жастарды қолдайды деген қайда қалды деп ойладым. Маған Лондонда қызыл дипломды құрдан құр берген жоқ", - дейді "Болашақ" бағдарламасының түлегі Маржан Ержан.

Бір емес бірнеше дипломы бар ұстаз 2014 жылдың қаңтар айында "Болашақ" бағдарламасымен шет елге оқуға барады. Оқуын тәмәмдап, келісім шарт бойынша Алматыдағы №178 мектепке келсе өзін бұрынғы басшылықтың заңды түрде жұмыстан босатып жібергенін біледі. Оқуды жаңа бітіріп, жұмысты даулайтын мұрша болмады деген  ұстаз бүгінде бір де бір мектеп жұмысқа алмай отыр дейді.

"Болашақпен" ортада жасалған келсім бойынша математика пәні бойынша жұмыс жасауға міндеттімін", - дейді "Болашақ" түлегі Маржан Ержан. 

Лондонда оқыған маманды бірнеше мектепке барса да жұмысқа алмапты. Бірі орысша білмейтінін сылтауратса, енді бірінің себебі белгісіз. Ал бұрынғы басшылық кезіндегі келісімге қатысымыз жоқ деген мектеп әкімдігі, кейін жұмысқа аламыз деп айтқан көрінеді. Тек ол кезде "Болашақ" бағдарламасымен келген маманның бұл мектептен көңілі әбден қалған көрінеді. 

"Құжаттарын көрсетті. Құжаттарында бұрынғы директорменен екеуінің арасындағы келісім тоқтатылған екен. Математикадан, физикадан сабақтарым бар. Егер маған өтініш жасайтын болса, мен жұмысқа қабылдаймын", - дейді Алматыдағы №178 мектеп-лицейінің директоры Қайратбек Хамзаханұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр