Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі ертең жарияланады

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамыз сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері үміткерлердің 78%-і шекті балл жинады, ал орташа балл 69 болды, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ кезіндегі ең жоғары жиналған балл 137 болған.

Айта кету керек, тестілеу басталғаннан бастап бес апта ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 606 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

290 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 229 адам шығарылды, олардың нәтижелері де жойылды. 

Қорытындылай келгенде, орталықта ҰБТ-2023 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижесі жойылады.

Талқылау