Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда білім басқармасының басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

Қазақстанда білім және министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасымен білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірлерін жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық заңгерлер қауіпсіздік сертификаты үшін ұялы байланыс операторларымен соттасады

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook  парақшасында жазды. 

"Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды", - деп жазды министр. 

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2020 10:57
Талқылау