Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда билікті монополияландыруға жол берілмейді": Ерлан Қошанов президент реформалары туралы ойларын айтты

Қазақстандағы саяси жүйені трансформациялауды Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігі мен мүмкіндіктерін шектей отырып, өзінен бастады. Осылайша, Президент қоғамға да, элитаға да биліктің бір қолға шоғырлануына жол берілмейтінін көрсетті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысының реформалары туралы ойларын ортаға салды. 

Мемлекеттің саяси жүйесін өзгерту жөніндегі Президенттің бастамалары нәтижесінде Қазақстан елдің жаңа тарихындағы ең көп өкілді Парламент құрды: 6 партия, бір мандаттық окруктерден сайланған депутаттар, жастар мен әйелдерге арналған квоталар ескерілді.

"Мемлекет басшысы ұсынған жаңа үлгі бойынша сайлауда жеңіске жеткен "AMANAT" партиясы Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды. Бұл – жаңа саяси мәдениет қана емес, үлкен жауапкершілік. Үкімет іс жүзінде халықтың есеп беретін өкіліне айналды. Депутаттар министрлердің алдына қоғамды толғандыратын ең өзекті де көкейкесті мәселелерді қояды. Парламент қабырғасында талқыланбай қалған бірде-бір маңызды тақырып жоқ деп жауапкершілікпен айта аламын. Шындығында, бүгінде Мәжіліс – еліміздегі ең ашық мемлекеттік құрылым және негізгі қоғамдық алаң", – деді Ерлан Қошанов. 

Президент Үкімет пен Парламент жұмысындағы өзгерістермен шектеліп қалған жоқ, реформалар бүкіл мемлекеттік басқару жүйесіне әсер етті. Осылайша, Қазақстанда Орталық Азия бойынша алғаш рет әкімдер сайлауы енгізілді.

"Екі жылдан бері сайлаушылар ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлады. 1700-ге жуық әкім сайланды. Бір қызығы, сол ауылдардың тұрғындары өздері сайлаған әкімдерді сынауды азайтып, көмектесуге, тіпті қорғауға тырысады. Халық өз әкімдерін өздері сайлағанын және енді онымен жауапкершілік те ортақ екенін түсінеді. Бұл – Президенттің реформаларының тиімділігі", – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы жуырда 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қала әкімдерінің пилоттық режимдегі сайлауы өткенін, оның жақын арада тағы бір деңгейге көтерілетінін айтты. Сайланған әкім сайлау алдындағы уәделерін орындамаса, мәслихат депутаттары әкімге сенімсіздік білдіре алатынын еске салды. 

Талқылау