Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биылғы халық санағы ерекше форматта өтеді

Қазақстанда биыл қазан айында халық санағы өтеді. Биылғы санақтың ерекшелігі, заманауи технологиялар қолданылады әрі бүкіл процесс автоматтандырылған. Науқан біткен соң оның бәрі мектептерге таратылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Санақ президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің шешімі бойынша қазан айына бекітіліп отыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ел тұрғындары туралы мәлімет екі түрлі жолмен жиналады. Оның бірі, тұрғындар sanaq.gov.kz сайтында өзі және отбасы туралы мәліметін өз бетінше толтыра алады. Екіншісі, өз бетінше онлайн режимде толтыра алмаған тұрғындарды аралап жүріп санау. Ол кезде санитарлық талап қатаң сақталады.

Санақта электронды планшет қолданылады. Биылғы санақтың жаңалығы да осы. Науқан біткен соң барлығы өңірлердегі мектептерге таратылады.

Халық санағы елімізде соңғы рет 2009 жылы өткізілген. Ол кезде қазақстандықтардың саны 16 миллионнан сәл ғана асқан.

"Әр үйді аралап шығу қазан айының 1-30 аралығында өтеді. Халық санағын өткізуде арнайы комиссия құру жөніндегі премьер-министр тапсырмасы тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерге жолданды. Оның төрағасы – премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов. Арнайы комиссияның бірінші отырысын 10-ақпанда өткізу ұсынылды", - деді стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр