Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл мұнай көлемі аз болуы мүмкін –  Энергетика министрлігі

Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі азаюы мүмкін. Бұл туралы энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр өндіру бағытындап біршімі түзету енгізілуі мүмкін екендігін  мәлімдеді.  Оның айтуынша,  жыл  соңына дейінгі жоспар бойынша 90,5 млн тонна мұнай өндіру қарастырылған.

“Биылғы 8 айдың қорытындысына қарасақ, жоспарлы деңгейге жетпей жатырмыз. Алайда жыл соңына қарай белгіленген көрсеткішке жетуге тырысамыз", – деді Асхат Хасенов.

Хасенов биыл жалпы көлемі 90,5 млн өндіру жоспары қойылғандығын айтты. Бұл жоспар орындалмаса, шамамен 89 млн тонна мұнай өндірілуі мүкін деп пайымдады. 

 "Еліміздегі ірі жобалар бойынша тиісті техникалық жұмыстар атқарылып жатыр. Олар бұл іс-шараларды тез арада аяқтаса, онда мұнай өндіру көлемі артады. Жалпы, биыл 90,5 млн тонна өндіру керекпіз, бірақ бұл көрсеткіш сәл азаюы ықтимал", – деді вице-министр.

 

Талқылау