Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бес жұлдызды all inclusive қонақ үйі ашылмақ

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі бес жұлдызды қонақ үй салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қонақ үй

Бұл туралы Rixos Aktau кешенінің бас менеджері Махмұт Жарымбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Сөзінше, қазіргі уақытта Каспий теңізінің жағалауында Rixos Aktau атты белсенді қонақ үй кешені салынып жатқан көрінеді. Аталмыш жоба - Rixos Aktau «ALL INCLUSIVE» ұғымымен Қазақстандағы алғашқы 5 жұлдызды қонақ үй кешені.

Жоспарлы түрде қонақ үйдегі бөлмелер саны 500-ге жуық, олардың 462-і стандарт дәрежелі және 22-і люкс дәрежелі бөлме, 1-і президенттік люкс нөмірі, бұған қоса 15 жайлы бунгало салынады екен. 

Сонымен қатар  қонақ үй кешенінің өкілі ғимараттың интерьеріне атриум, мейрамханалар,  СПА орталығы, жабық бассейн және басқа нысандар кіретінін жеткізді. Кешеннің аумағы мен инфрақұрылымы әр түрлі ойын-сауық және заманауи құрылымдарға толы, жағажайда лагуна және теңіз суы толған бассейн болады екен. Сондай-ақ әр түрлі аттракциондар мен аквапарк, конференц-зал, футбол және үлкен теннис алаңдары орналастырылады деп жоспарнуда. 

Ішкі туризмнің дамуына маңызды және үлкен үлесін қосатың жобалардың бірі - Rixos Aktau кешені - 2020-ы жылдың жаз маусымында ашылады деп жазыпты қонақ үй менеджері.

Құрылыс жұмысына 750 адам тартылыпты. Алдағы уақытта қонақ үй кешені 750 адамды жұмыспен қамтиды. 

Бұл Rixos-тың Қазақстандағы бесінші қонақ үйі болмақ. Бұған дейін Rixos желісіне тиесілі қонақ үйлер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Бурабайда ашылған. 

 

Талқылау