Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бес балдық жер сілкінісі болды

28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті:

  • Меркі – 5 балл;
  • Құлан – 4 балл;
  • Шу – 2 балл;
  • Төле би – 2 балл;
  • Сарыкемер – 2 балл;
  • Тараз қаласы – 2 балл;
  • Қордай – 2 балл;
  • Аса – 2 балл;
  • Мойынқұм – 2 балл;

Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және видеоконференция өтті.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылап жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, қауіп жоқ”, – деп толықтырды ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік бойынша Қытаймен ынтымақтастық орнатқаны туралы хабарлаған едік. Енді зілзала туралы алдын ала ақпарат беретін станциялар саны көбейіп, қытайлық мамандар тәжірибесін бөліседі.

Талқылау