Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын енді мемлекет реттемейді
Қазақстандық отын енді мемлекеттік бақылауда болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Энергетика министрлігі Қазақстан бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең арзан елдердің қатарында екенін түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы бензин мен дизельдің арзан болғаны көрші елдермен салыстырмалы түрде баға алшақтығына әкеледі.
АИ-92 маркалы бензин бағасының айырмашылығы 40%-дан 138%-ға, дизельдік отын үшін 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Соның кесірінен әртүрлі заңсыз схемалар арқылы отын шетелге шығарылады. Салдарынан тапшылық туындайды дейді.
Осыған байланысты Қазақстан тұрақты баға моделі саясатына бет бұрып жатыр.
Бұйрық 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"