Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда бәрі сатылады": Илья Ильин қазақстандық волейболшы қызға араша түсті

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы постымда әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы Алеся Сафронова камераға ойындағы әділетсіздіктер мен төрешілер қарсылас команданың жеңуіне көмектесті деп айтты. Ол бәріне кешірім сұрады. Ешкімді ренжіткісі келмегенін, эмоция үстінде айтылғанын артық ойы болмағанын өз атымнан мынаны айтқым келді. Айтты. Кешірім сұрады. Барлығы дұрыс. Бір ойыннан ескерту беріп, шеттеткен соң болды ғой. Неге споршыға қысым көрсетесіздер?!  Спорт деген эмоция! Федерация өкілдері, сіздер мұндай жағдайда спортшының жандүниесінде не болып жатқанын жақсы түсінулеріңіз керек емес пе? Сіздерден бұл мәселені айғай-шусыз шешуді сұраймын. Ары кетсе екі ойыннан шеттетіңіз. Барлық спортшыларға камераға байқап сөйлеу керек екендігі түсінікті болады!" - деп Илья Ильин оқиға туралы.

 

Айта кетсек, қазақстандық волейболшы тікелей эфирде күтпеген мәлімдеме жасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр