Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

Биылғы жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық қарызды төлеу мерзімінен 180 күн өткеннен кейін, есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынатын болады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

«Мұндай түзету жеке тұлғаны (қарыз алушыны) сыйақы бойынша қарызының өсуінен қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар банкетрдің борышкерге қатысты дер кезінде шара қабылдауға деген жауапкершілігін арттырады»,  – дейді министрліктегілер.

Айта кетсек, бұған дейін заңда мұндай мерзім қарастырылмаған еді.

Мұндай түзетулер «Банктер және банк қызметтері туралы» заңға 2019 жылдың 21 қаңтарында енгізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Қаңтар, 2019 16:25
Талқылау