Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялау ережелері жаңартылады

Фото: Ru.freepik.com

Елімізде балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялау ережелері жаңартылмақ. Туризм және спорт министрлігі бұрын қолданылған ережелердің негізі өзгермейтінін, тек Түркістанның ерекше мәртебесін ескере отырып кейбір түзетулер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама 2021 жылдан бері жұмыс істейді және 2-17 жас аралығындағы балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік береді. 

Кәмелетке толмаған балалардың билеттері әлі де субсидияланады. Бірақ олар турды тек лицензиясы бар туроператордан сатып алынған жағдайында және балалар ата-аналары немесе жақын туыстарымен бірге саяхаттағанда ғана тегін болады. Бағдарлама іске қосылғалы 5,5 мыңнан астам бала тегін ұшты. Турситер арасында танымал жерлер: Алакөл, Маңғыстау, Каспий жағалауы, Алматы, Түркістан, Астана және Бурабай.

"Меніңше, ата-аналар бұл науқанды пайдаланып билеттерді алып қалуға тырысып, жазғы демалысқа шығуы керек. Басты екі талап – екі ересек, екі бала. Бір бала, екі ересек болып ұшу науқан талаптарына сәйкес келмейді ”, – дейді "Фламинго тур" туристік агенттігінің жетекшісі Светлана Нечаева.

Субсидияны тек жолаушы немесе оның ата-анасы емес, әуе компаниясынан билеттер сатып алып, турларды ұйымдастыратын туроператор да алады. Туристік агенттіктер мұны дұрыс деп санайды.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 09:15
Талқылау