AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балалардың ойын алаңдарына қойылатын талаптар күшейтілді

Қазақстанда енді ойын алаңдарының тиісті сертификаттары мен декларациялары, техникалық паспорты болуы керек. Осылайша балалардың ойын алаңдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Оған қоса, алаңдарды пайдалану ережелері туралы ақпарат тақтасы тұрады. Сондай-ақ, әр ойын кешені балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес салынуы қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеу түбіндегі қаланың ойын алаңында балалардың көзінше әйелді өлтіріп кетті

2019 жылы күшіне енген техникалық регламент 2021 жылдың соңына дейін өтпелі әрі қосымша ережелермен толықтырылған. Бұл аралық кезең Қазақстандағы барлық балалардың ойын аймақтарын жабдықтауда қатаң талаптарды енгізуге, оның ішінде сынақ зертханаларын, сәйкестікті растайтын орталықтарды дайындау үшін қажет болды дейді мамандар.

Айтуынша, техникалық регламенттегі ерекшелік - бұдан былай ойын алаңдарында ақпараттық тақта болады.

“Онда жабдықты пайдалану қағидалары, жабдықтың тізбесі, онда ойнайтын балалардың жас тобы, біреуі 0-5 жас аралығындағы балаларға арналған, басқасы 5-12 жас аралығы деген секілді жас тобы тұрады”, – дейді  "ҚазСтандарт" РМК Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының сарапшысы Берік Ербосынов.


6 метрлік карьер суына батып кеткен: 16 жастағы қарағандылық баланың туыстары өлімнің жазатайым болғанына сенбейді 


Сарапшының сөзінше, қазіргі уақытта балалар ойын алаңдарының арнайы сертификаттары мен декларациялары, техникалық паспорты болуы керек.

Ойын жабдықтарын жасауда пайдаланылған барлық материал жылдың қай мезгілінде болмасын адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек. Құрылым берік әрі төзімді болуы шарт. Ал ата-аналар бұл өзгерістерді қолдайды.

ҚазСтандарт өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың ойын алаңдарының 34 өндірушісі бар және Ресей мен Қытайдың өндіруші зауыттарының ресми дистрибьютерлері өз қызметін жүзеге асырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр