Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек
Қазақстанда бала туу жасы енді заңмен бекітіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектер "репродуктивті жаста" болып саналады. Бұл ұғым халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен. Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды. Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы