Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда азық-түліктің бағасы өсіп кетті

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханов елімізде азық-түліктің бағасы 4,4 пайызға өскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында министр кейбір өнімдердің бағасы өсіп кеткені туралы айтып берді. Бағасы өскен азық-түліктердің тізімімен бөліскен министр тауарлардың қымбаттауы не себепті орын алғанын түсіндірді. 



"Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түіктің бағасы 4,4 пайызға өсті. Негізгі өсімді қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себебі - егістік алқабының қысқаруы және маусымдық тапшылық. Әлеуметтік маңызы бар тауардың бес түрінде бағаның төмендеуі байқалуда", - дейді Бақыт Тұрлыханов.  

Қазіргі таңда бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар жасалып жатқанын айтты. Ол кейбір азық-түлік өнімдерінің ел бойынша нақты бағасы бекітілгенін алға тартты. 

"Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап баға реттеле бастады. Маусым мен шілдеде баға тұрақтанды. Бағаларды тұрақтандыру үшін төтенше жағдай кезінде 9 азық-түлік өнімдеріне баға саны шектелді. Ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап, 7 тауарды экспорттауға шектеу қойылды", - дейді министр.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр