Қазақстанда азық-түліктерге халал белгісі заңсыз берілген
Ұлттық акредиттеу орталығының мамандары елімізде азық-түліктерге берілетін халал белгісі заңсыз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Акредиттеу орталығының мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының беріп жатқан халал таңбасының заңсыз екенін және ешқандай ұйымның азық-түлік бойынша құжат беруге құқы жоқ екенін алға тартты.
“Оның алдында өткен жылы аттестатын алмаса, бізден бағалаушы барып көрмесе, бұл заңсыз деп те айта аламын. Заңға сай деп жұмыс істеп жатқан мамандардың сол салаға сай ма, сай емес пе стандартта көрсетілген 28 пункте сай аттестат алғандарды ғана айта аламын”, – деді Ұлттық акредиттеу орталығының директорының орынбасары Әбсамат Әкімов.
Маман алда олардың жұмыстары жіті тексеріліп, жүйеге келтірілетінін жеткізді.
Талқылау