Қазақстанда азық-түлік арзандайды - министр
Қаржы министрі Қазақстанда азық-түлік арзандайды деп болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК ақпарат агенттігі.

“Осы айларда инфляция шарықтау шегіне жетті, 20 пайыздан асты. Екіүш айдан кейін төмендейді. Қазірдің өзінде біз нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз деп көрсеттік. Сол бойынша жұмыс істейтін боламыз. Жалпы бағаның төмендеуін болжап отырмыз”, – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Кешеден бері қор биржасында АҚШ ақшасының айтарлықтай арзандағаны байқалады. Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар сату бағамы бүгін 442 теңге 25 тиын, ал сатып алу 438 теңгенің айналасында. Ал оның азық-түлік құнына әсер етуі үшін теңгенің нығаюы уақытша құбылыс болмауы керек дейді экономистер. Олардың болжамынша, дүкен сөрелеріндегі бағаның түсуіне жарты жылдай уақыт қажет.
“Бастысы, доллар бағамының әрі қарай да төмендеуінде. Егер теңге бірнеше ай бойы күшеюін жалғастырса, сол кезде ғана бағаға қандай да бір әсерін байқайтын боламыз. Мұндай тәжірибе қазақстандықтарға бұрыннан белгілі. Кем дегенде жарты жыл керек. Теңгенің күшеюі бір сәттік емес екеніне кәсіпкерлердің көзі жетуі қажет”, – дейді экономика сарапшысы Андрей Чеботарев.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды