Алиментке наразы қазақстандық еркектер бір-бірін қолдау үшін қоғамдастық ашты
Қазақстандық ажысрасқан еркектер бұрынғы әйелі мен алимен тзлеуге қарсы шығып, WhatsApp мессенджерде топ ашты. “Masculism_kaz” деп аталатын қауымдастық ресми түрде тіркелмесе де, еркектер топта өз мәселелерін талқылап, кеңес беріп, заңгерден кеңес алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Бұрынғы әйелдерінен зәбір көргенін мойындағысы келмеген топ мүшелері құқықтары тапталып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, бұрынғы әйелдері балаларымен көрісуге рұқсат бермейді, жүргізуші куәлігін қолдануға мүмкіндік бейрмейді, сондай-ақ алимент те әділетсіз есептеліп жатыр дейді. Мысалы, егер борышкер жұмыс істесе, оның қарызы елдегі орташа жалақыға сәйкес есептеледі.
“Қарыз анықталған кезде сот орындаушысы қарыз сомасынан өз пайызын алады. Егер ер адам 3 миллион қарыз деп есептесе, сот орындаушысы 300 мың теңге пайда көреді. Кейін соңынан қалмай қояды. Тіпті кейде олар борышкерге қарызы туралы ескертуді ұмытып, іздемейді, жұмыс істеуге бағыттамайды. Олар өз пайызын алу үшін борышкер қомақты сомаға қарызға батқанына күтеді”, – дейді Астана заң кеңесшілері палатасының кураторы, заңгер-медиатор Жарас Досымов.
Заң өкілі мұндай жағдайда клиенттеріне алимент төлегені туралы дәлел жинап, тағылған айып бойынша сотқа шағым түсіруге кеңес береді. Сондай-ақ еркектер кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың көп жағдайда баланы анасына қалдыратынына наразы. Айтуынша, бұрынғы әйелдері балаларын әкелеріне қарсы қойып, араластырмайды.
“Жағдайдың 90%-да ата-аналардың өздері балаларының анасымен қалуын қалайды. Сотта олардың қарым-қатынас кестесін анықтау кезінде әуелі баланың көзқарасы, қызығушылықтары мен тілектері ескерілуі керек”, – дейді Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Динара Мутубаева.
Сот орындаушылары ер адамның қайда жұмыс істейтінін, қанша жалақы алатынын мемлекеттік деректер базасынан көріп отырады. Олар байланыс кестесі бойынша сот шешімінің орындалуын бақылауы керек. Бірақ ер адамдардың айтуынша, олар көбіне әйелдерге жақтасады.
“Сот орындаушысы борышкерді іздеуге ерініп, осы санаттағы істерде борышкерлерге 10 АЕК көлемінде төлем жіберуі мүмкін. Мен оларға екеуінің маған ай сайын 80 000 теңге төлейтіндерін түсіндірдім. “Екеуі келісімге келіп, бұл ақшаны баланың дамуына жұмсағаны әлдеқайда дұрыс емес пе” деп те айттым”, – дейді Қостанай облысы бойынша жеке сот орындаушысы, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Басенова.
Сот орындаушысының айтуынша, осындай түсіндірме жұмыстарынан кейін ата-аналар ақылға келіп, келісім жасайды. Ал келісімге келе алмағандар өз құқығын қорғаймын деп топқа қосылады. Топта күйеулерін бұрынғы әйелінің арыз-шағымынан қорғайтын қыз-келіншектер де бар.
Бұған дейін қызылордалық ер адам жұмыссыз әйеліне ай сайын ақша төлеп тұруға келісім берген еді.