Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қашан өзгеретіні белгілі болды

Қазақстанда зейнетке шығу жасы қашан өзгеретіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда зейнет жасы өзгеріссіз қалады. Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына дейін сақталады.
2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды (жыл сайын алты айға өседі):
- 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61,5 жас;
- 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62 жас;
- 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62,5 жас;
- 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 63 жас.
Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлік жас бірдей – 63 жас болып белгіленеді.
"Зейнетақы жинақтарын ерте алу қиындайды": Ұлттық банк шекті тағы көтермек
Сонымен қатар кейбір азаматтар зейнет жасына жетпей-ақ зейнетке шығуға құқылы. Әлеуметтік кодекстің 207-бабына сәйкес, белгілі бір азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындаудың жеңілдетілген жасы бар, ол жалпы белгіленген жастан ерекшеленуі мүмкін.
Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті механизмі бар. Бұл механизм жеткілікті жинақ болған жағдайда сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасасып, белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ өмір бойына ай сайынғы төлемдер алуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі бірден 10% өскені туралы жазған едік.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев