Қазақстанда аязды ауа райы сақталады
2021 жылғы 5-7 қаңтарға арналған Қазақстандағы ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағында жауын-шашынсыз, аязды ауа-райы күтіледі.
"Антициклонның Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсері сақталады. Соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы болжануда. Тек елдің солтүстік-батысында және кезеңнің аяғында республиканың батысында фронтальды бөліктердің әсерінен боран соғып, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді", - дейді Қазгидромет.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...