Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылдан бастап автогаздың бағасы өседі

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Шекті баға аймақтар бойынша бекітілген: 

- Астана – 76 теңге;
- Алматы – 81 теңге;
- Шымкент – 64 теңге;
- Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды ​​облыстары – 76 теңге;
- Жамбыл облысы – 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
- Павлодар облысы – 74 теңге.
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Сонымен қатар, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті баға 5 теңгеге қымбат болады.

Талқылау