Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аудандар бюджетінен бөлінетін қаржы қоғамдық сараптамадан өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында аудандар мен елді мекендер бюджетінен бөлінетін қаражат егжей-тегжейлі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуі тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Президент  бұл ретте онлайн сауалнаманы да қолданған жөн екенін атап өтті.

"Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін күшейту керек. Ол үшін мүліктік құқықты күшейтіп, ауылдық округтердің бюджет кірісін арттырған жөн", - деді Тоқаев.

Ол үкіметке осы жылдың 1 желтоқсанына дейін нормативтік базаны, осы маңызды проблеманы шешудің тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 12:56
Талқылау