Аяз болады: Қазақстанда ауа температурасы төмендейді
Қазақстандағы 2021 жылғы 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ел аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын тудырады. Жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыста қатты найзағай соғып, жел күшейіп, бұршақ жауады. Батыс антициклонның Қазақстан аумағына енуімен ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Елдің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін аяз болады, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін жетеді", - дейді синоптиктер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”