Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа температурасы күрт суытады

22 қаңтарда Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Түнде 0-5 дейін, кей жерлерде 8 аяз, солтүстік аймақтарда 13-18 аяз болады. Күндіз 0-5 дейін, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз, солтүстік облыстарда 12 градус аяз болады", - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түркістан облысында қалың қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Күндіз таулы аудандарда жел жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз қалың қар жауады деп күтілуде. Түстен кейін ауа температурасы 3-5 аязға дейін күрт төмендейді. Боран соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел күшейеді.

Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 15-20 аязға дейін төмендейді, күндіз 3-8 аязға дейін, кей жерлерде 11 аязға дейін төмендейді. Тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Талдықорғанда көктайғақ күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылды ескертудің ытималдығы 95-100% құрайды.

Талқылау