Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа температурасы бойынша 62 жылдық рекорд жаңарды

Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның максималды және ең төменгі тәуліктік температурасының рекорды жаңарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com 

2023 жылдың желтоқсан айында еліміздегі ауа райы құбылмалы болды. Бұған циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы себеп болды.

Желтоқсан айы шамамен екі ыстық толқынға және бір суық толқынға бөлінді. Ыстық толқындар кезінде аномальды жылы ауа райы байқалып, қар жауып, боран соғып, кей күндері қардан жаңбырға және көктайғаққа ауысуы байқалды. Суық толқын, керісінше, еліміздің солтүстігінде де, оңтүстігінде де 30-40 градус аяз болуына ықпал етті. Сондықтан желтоқсан айында ауаның максималды және ең төменгі тәуліктік температурасының рекорды жаңарды.

Мәселен, 3-6 желтоқсан аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында максималды тәуліктік ауа температурасының рекорды жаңартылды: Атырау (4 желтоқсан – +11,9°C, 2012 жылғы рекорд - + 10,6°С), Тараз (5 желтоқсан - +19,6°C, 2019 жылғы рекорд - +16,2°C асты), Шымкент (5 желтоқсан - +20,2°C, 1980 жылғы рекорд - +17,0 °C), Астана (6 желтоқсан - +3,1°С, 1961 жылғы рекордтан жоғары - +1,4°С), Павлодар (6 желтоқсан - +4,2°С, 1961 жылғы рекорд - +2,2°С), Өскемен (6 желтоқсан - +8,5°С, 2019 жылғы рекорд - +7,2°C) және т.б қалаларда.

Желтоқсанның 7-18 аралығында суық ауа массасының ағынымен және кең Сібір антициклонының әсерінен Қазақстан аумағында аяз болды.

Республиканың басым бөлігінде термометрлер түнде -30-41°C-қа дейін (9 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Рузаевка метеостанциясында -41,2°С-қа дейін), Қазақстанның оңтүстік облыстарында -22 -37°C-қа дейін төмендеді (14 қаңтарда Жамбыл облысындағы Қаратау метеостанциясында -37,2°C). Осы кезеңде бірқатар станцияларда рекордтар жаңартылды, 13 желтоқсанда Түркістан облысында Шардара метеостанциясында ауа температурасы -20,0°С-қа дейін төмендеді (1995 жылғы рекорд -15,1°С жаңартылды), 4 желтоқсанда Тараз метеостанциясында -33,9°С болды (1984 жылғы рекорд -27,5°С жаңартылды).

Температура фонының күрт ауытқуынан басқа, Қазақстан аумағында қар, боран, дауыл, жел, жаңбыр, көктайғақ, тұман сияқты құбылыстар жиі болды. Республиканың кейбір аймақтарында бір тәулікте жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті.

Елордада ең төменгі ауа температурасы 12 желтоқсанда тіркеліп, -33,2°С, ең жоғары ауа температурасы 26 желтоқсанда тіркеліп, +4,8°С болды. Бұл күні 1996 жылғы рекорд жаңарған - +3,4°.

Талқылау