Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар кешігіп жүреді

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар кешігіп жатыр деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Билетті қайтару – мың теңге: «Жолаушылар тасымалына» 2 миллион доллар айыппұл салынды

Бұл туралы компания 30 наурыздағы жағдай бойынша хабарлады. Жолаушылар пойыздарының кестесі бұзылды. ҚТЖ сонымен қатар жылдамдықты шектеу болмаса, пойыздар кестеге сай жүруі мүмкін екенін айтты.

Telegram арнасында видео таралып жатыр. Видео авторы Нұр-Сұлтан вокзалында пойыз күткен халық санынының көптігін айтты.

ҚТЖ пойыздың ауаа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын айтты. Ауа райы тұрақталғаннан кейін кесте қайта іске қосылады.

Тасымалдаушы пойыздардың келу кестесін 1433 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тексеруді ұсынады.

Айта кетейік, елордада ұшу және ұшып келу рейстері ауа райы жағдайына байланысты кейінге қалдырылды және тоқтатылды, бірақ әуе айлағының өзі қалыпты жұмыс істейді.

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 30 Наурыз, 2022 17:09
Талқылау