Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа райына байланысты 5 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес пойыздың қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: railways.kz

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелген, осыған байланысты келесі жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды:

- №10 Нұр-Сұлтан1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;

- №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;

- №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту а. ж. 18 желтоқсанында 1 рейске;

- №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске;

– №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а.ж. 15 желтоқсанында Жезқазғаннан кері қарай а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске.

"Бұл пойыздар кестеден кешігіп жүреді. Жолаушыларға жоғарыда аталған бағыттар бойынша сатып алған пойыз билеттері үшін ақшаның 100 пайызы қайтарылады. Аталған пойыздардың белгіленген кестесін қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Талқылау