Қазақстанда ауа-райы жылынады

Синоптиктер Қазақстанда ауа температурасы 13-15 қазан аралығында біртіндеп жылынады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы әкелген антициклон әсер етеді. Елдің солтүстік және шығыс аймақтарына кейде жаңбыр жауатын солтүстік циклонның шұңқыры әсер етеді.

Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі.

Айта кетейік, бүгін, 12 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде кей жерлерде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр