Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа райы тағы өзгереді

Синоптиктер Қазақстанда 29 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның батыс аудандарына Солтүстік-батыс циклонының жырасы әсерін тигізе бастайды – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және ауа температурасының жоғарлауы күтіледі.

"ҚР қалған территориясында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде туман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі, Батыс Қазақстан облысында – тұман күтіледі. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, түнде Шығыс Қазақстан облысында – жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда облыстарынының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Қаңтар, 2021 15:04
Талқылау