Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті жасанды интеллект тағайындайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде енді атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жасанды интеллект тағайындайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, бұл мақсатта 90%-дан жоғары дәлдік көрсеткен Random Forest Classifier моделі қолданылып жатыр.
Бірінші кезеңде жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады. Екінші кезеңде өтініштердегі фото және видеоны талдау үшін компьютерлік көру технологиясын қосу жоспарланып отыр.
Үшінші кезеңде жүйе қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін жеке көмек жоспарларын құрады.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды