Қазақстанда әскери ұшақтарды жалға беріп, табыс табу ұсынылды
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда әскери-көлік авиациясын азаматтық және коммерциялық мақсатта пайдалану ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің қорғаныс министрлігі заң жобасын әзірледі. Құжатта бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған. Оңан сәйкес, мемлекеттік (оның ішінде әскери) авиация тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жекеменшік тапсырыс берушілердің де жүгін тасымалдай алады.
Мұндай тәжірибе Германия, Ұлыбритания, Түркия, Мысыр, Ресей, Беларусь және Оңтүстік Кореяда қолданылады. Сондай-ақ заң жобасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес келеді.
Мемлекеттік авиация құрылымдарына негізгі қызметін бұзбай және әскери әзірлікке әсерін тигізбеу шартымен ақылы қызмет көрсетуге рұқсат беру ұсынылады.
Тасылмалдау коммерциялық негізде және әскери әзірлік үшін қолданылатын ілеспе бағыттар шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңашылдықтың артықшылықтары:
- Авиациялық техниканы күтіп-ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды ішінара жабу;
- Мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер түсуі;
- Мемлекеттік шығындардың азаюы;
- Әсіресе қол жетуі қиын өңірлерде логистиканы жақсарту;
- Тасымалдауға тартылған әскери қызметкерлерді ынталандыру.
Болжамды тәуекелдер:
Жеке құрамға түсетін жүктеменің артуы;
Қосымша сақтандыру шығындары;
Азаматтық авиакомпаниялармен салыстырғанда шектеулі бәсекеге қабілеттілік;
Мемлекеттік міндеттерді орындауға басымдық сақталады.
Төтенше жағдай министрлігі төрт ұшақ пен дрон сатып алуды жоспарлап отыр
Қазақстан үкіметі төтенше жағдайлар министрлігіне 25 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алмақ
Болжамды нәтиже:
Жоба әзірлеушілері 2028 жылға қарай мемлекеттік авиация арқылы жүк тасымалдау көлемі қазіргі деңгеймен салыстырғанда 12,1%, ал 2030 жылға қарай 24,2-% артуы мүмкін деген баға берді.
Әскери авиацияны дамытуға салынатын инвестициялар 2028 жылға қарай 100%, ал 2030 жылға қарай 2024 жылмен салыстырғанда 120% артады дегене болжам бар.
Бастаманы іске асыру заң жобасын кезең-кезеңімен мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен, жұртшылықпен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілмек. Сараптамадан кейін құжат парламенттің қарауына енгізіледі.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан қарулы күштері әскери-көлік авиациясының 15 әуе кемесін пайдаланады. Оларды жөндеуге және күтіп-ұстауға жыл сайын мемлекеттік бюджеттен шамамен 7 миллиард теңге жұмсалады. Алайда бөлінген қаражат техниканың уақытылы жаңартылуына жетпей жатыр.
Еске салайық, Қазақстан 145 миллион еуроға (80 миллиард теңгеден аса) Airbus A400M әскери ұшағын сатып алды. 37 тонна әуе кемесі былтыр желтоқсан айында Алматыға жеткізілді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
