Қазақстанда әскери қызметкерлерге психологиялық көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
Фото: freepik.com
Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Жаңа қызмет әскерилер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев жиынды ашу барысында психологиялық көмектің маңызын айтып берді.
"Психологиялық қолдау – әскердің жауынгерлік даярлығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Әскерилермен және олардың отбасыларымен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу – армияның моральдық рухының негізгі тірегі", – деді Серік Борамбаев.
Серік Борамбаевтың айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді. Солардың бірі AI-sulu боты. Ботты Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин таныстырды.
"AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады", – деп атап өтті Туитин.
Айта кетейік, цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Сонымен қатар құрылғының анонимді пен тәулік бойы қолжетімді екені айтылды.
Маңғыстау облысында бірден 7 сарбаздың жындыханаға жіберілгені анықталды
"Қысым көрсеткен": Павлодар облысында әскери қызметкерден ақша бопсалағандар ұсталды
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда әскерге шақырылушылар енді әскери бөлімді таңдай алатынын жазған едік. Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға арналған жаңа MyArmy.kz порталын іске қосты. Порталды құру рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу мен құжаттарды рәсімдеу онлайн форматқа ауыстырылып, бюрократияны азайтуға және адами факторды төмендетуге мүмкіндік береді. Кандидат мерзімді әскери қызмет шарттарымен танысқаннан кейін сайттағы үлгіге сәйкес өтініш береді.

"Қылмыстық істен айналып өтетін жолды тапқан": 50-ге жуық қазақстандық белгілі блогерден ақшаларын қайтара алмай жүр
