Қазақстанда әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрлігі елімізде әскери қызметке шақырудың жаңа қағидаларын бекітті. Өзгерістер туралы тиісті қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатта Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай тәсілі көрсетілген. Енді әскерге шақырылушының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл дәстүрлі әскери комиссариаттан жіберілген қағазбен теңестірілмек.
Сондай-ақ жобаға сәйкес қазақстандықтар әскерге шақыруды eGov порталы арқылы кейінге қалдыра алады.
Жаңа ережелер әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасын қазақстандықтар 2025 жылдың 9 қыркүйегіне дейін талқылай алады.
Еске салайық, 16 шілдеде Тоқаев "Әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша" түзетулерге қол қойды. Енді қазақстандық жігіттер әскерге шақыру қағазын электронды түрде, яғни SMS арқылы және eGov порталындағы жеке кабинетінде алады.
Әскерге шақырылушы медициналық тексеруден өтіп, комиссия отырысына қатысып немесе әскери бөлімге аттану үшін көрсетілген күні мен уақытта әскери комиссариатқа келуге міндетті.
Шақыру қағазы мынадай түрде келуі мүмкін:
-
SMS арқылы;
-
eGov порталындағы жеке кабинетке;
-
Қағаз түрінде (егер цифрлық құрылғылар болмаса).
Қазақстандықтар әскери борышын өтеуді әр білім деңгейі бойынша бір рет кейінге қалдыра алады
Қазақстанда енді жігіттерді әскерге көшеден алып кете алмайды: Жаңа заң қабылданды
Электронды шақыру қағазы шақырылушыға белгіленген күннен кемінде үш күн бұрын жіберілуге тиіс.
Ал қағаз шақыру қағазы жеке қол қойғызып тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі. Одан бас тартуға болмайды: шақырылушы қағазды қолына алмаса да, ол ресми түрде хабарланған болып есептеледі.

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
