Қазақстанда әскери борышын өтейтіндер саны артады
Қазақстанда Қарулы Күштер қатарына шақырылатындардың санын арттырмақ, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы брифингте ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.
“Жыл соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру науқаны барысында қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың қатарын кейінге қалдыруға негізі жоқ. 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас қатарды толықтырады. Қорғаныс Министрлігі Қарулы Күштер қатарына шақырылғандардың санын алдыңғы шақырулармен салыстырғанда ұлғайтуды жоспарлап отыр", – деді Жүсіпов.
Оның айтуынша, шақыру барысында 1414 қызметінің байланыс құралдары арқылы әскерге шақырылушыларға СМС-хабарламалар жіберуді жалғастырылатын болады. Жеке кездесулердің орнын алмастыру вирус жұқтыру қаупін едәуір азайтады.
Ол мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жұмыстан босату шақырылған күннен бастап 12 ай ішінде жоспарлы түрде жүзеге асырылатынын айтты.
“Екінші жыл қатарынан пандемия кезінде әскерге шақыру науқаны өткізіліп келеді. Әскерге шақырылушыларды ПТР-тексеру екі рет: толықтыру келгеннен кейін құрама пункттерде және әскери бөлімдерде өткізілетін болады. Санитарлық шараларды сақтау, бетперде кию Қорғаныс министрінің тұрақты бақылауында. Әскерге шақырылушылар мен олардың ата - аналарының карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігіне қатысты түсінігі әскери ортада КВИ жаппай таралуына жол бермеуге ықпал етеді", – деп түсіндірді Жүсіпов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
