Қазақстанда әскерге шақырылғандарға несие алуға тыйым салынбақ

Фото: pixabay.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әскерде борышын өтеп жатқан азаматтарға несие беруге тыйым салатын қаулы жобасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаулыға сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары борышын өтеп жүрген сарбаздардың қарыз жүктемесін азайту үшін несие бере алмайды.
Сонымен қатар қорғаныс министрлігі сарбаздар туралы ақпаратты несие бюросына жібереді. Олар өз кезегінде бұл деректерді жеке тұлғалардың несие есебінде көрсетуге міндеттеледі. Несие алу жөнінде өтініш келіп түскенде азаматтың борышын өтеп жүрген-жүрмегені тексеріледі. Егер борышын өтеп жүрсе, несие берілмейді.
Бұдан бөлек құжатта әскерге барғанға дейін алған несиелерін кейінге шегеру тәртібі көрсетілген. Сәйкесінше несие борышын өтеген соң 60 күнге дейін шегеріледі. Сарбазға банк бөліміне барудың керегі жоқ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"