Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскерге бармаған 27 жастағы жігітке "әскери билет" берілмейді

27 жасқа толған әскери борышын өтемегендерге енді әскери билет берілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сұлтан Камалетдиеновтың айтуынша,  азаматтар әскери міндеттілік мәртебесі жайлы Egov-тан ала алады. 

"Қызмет өткермеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамға енді әскери билет берілмейді. Оның орнына әскери міндеттілік мәртебесі оның Egov жеке кабинетінде көрсетіледі. Жұмысқа орналасу кезінде әскери қызметке қатысы туралы анықтама алу қажет емес. Жұмыс беруші бұл ақпаратты Egov-тан көре алады. Цифрлық трансформация аясында бірқатар қызметті автоматты түрде жүзеге асыру мүмкін болды. Сонымен қатар, 17 жастағы азаматқа жеке істі жинақтау процесі толығымен автоматтандырылды. Цифрландыру бойынша барлық бастама жүйелі түрде іске асады", — деді Сұлтан Камалетдинов.

Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаровтың айтуынша, қарулы күштер қазір жаңа цифрлық трансформациялық жүйеге көшіп жатыр.

“Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын да болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтарға әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билет ие болушы еді. Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер еговтағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік”, – деді Руслан Омаров.
 

Талқылау