AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болды

Осы жылдың қыркүйек айында KAZGUU Университеті базасында "Журналистика: аналитика және зерттеу" мамандығы ашылады. Бұл туралы KAZGUU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев аталған білім беру бағдарламасының тұсаукесерінде хабарлады.

Білім бағдарламасының тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторлары және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен медиа-менеджерлер қатысты.

"Біздің зерттеулеріміз бойынша, елімізде бір жыл ішінде 1000-нан астам журналист 34 жоғары оқу орнын бітіреді. Бірақ журналистика саласында қызмет ететін түлектер көрсеткіші 60% - ға жетпейді. Демек жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. КАЗГЮУ мықты университет болғандықтан, журналистика мамандығы дер кезінде ашылуда. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз", - деп атап өтті  Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев.

KAZGUU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

"Аналитикалық журналистиканың болуы жалпы әлемдік үрдіс және уақыт талабы. Аталған білім бағдарламасын таңдаған студенттер құқық, экономика саласында кең білім алып, тиісті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, факт-чекинг дағдыларын меңгеріп, журналистік зерттеулер жүргізетін болады", - деп қортындылады Талғат Нәрікбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр